Қала дамуы – тұрғындар игілігі үшін

Azattyq-news
1 Min Read

Қызылорда қаласының жол-көлік инфрақұрылымы күн сайын жаңарып, тұрғындардың өмір сүруіне қолайлы жағдай жасалуда. Бұл бастама облыс әкімінің қолдауымен жүзеге асып жатыр. Қала орталығы мен шет аймақтарда жолдар кеңейтіліп, ауылдарға да жаңа сапалы жолдар тартылуда.

Сол игі істердің бірі – М.Шоқай көшесінде қолға алынды. Қазіргі уақытта А.Айдосов көшесінен С.Бейбарыс даңғылына дейінгі аралықта жөндеу жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Мердігер мекеме “Қыран” ЖШС бұл жобаны сапалы орындауды міндетіне алған.

Жоба аясында ұзындығы екі шақырымды құрайтын жол төрт жолақты болып кеңейеді. Сонымен қатар, жаяу жүргіншілерге арналған арнайы жолдар салынып, көшеге заманауи жарық шамдары орнатылады.

Бұл өзгерістер тұрғындардың қауіпсіз әрі ыңғайлы қозғалуына мүмкіндік беріп, қаланың келбетін айшықтай түспек.

Бұл мақаламен бөлісу
Пікір қалдыру