Қала инфрақұрылымын дамыту – тек сәулеттік келбетті өзгерту ғана емес, сонымен қатар көлік ағынын оңтайландыру, халықтың күнделікті тіршілігін жеңілдету, экономикалық байланыстарды жеделдету деген сөз. Соңғы жылдары Қызылордада жол-көлік жүйесіне ерекше назар аударылып, бірқатар стратегиялық жобалар қолға алынуда. Солардың ішінде «Қызылорда–Құмкөл» бағытындағы жолайрықтың қайта салынуы айрықша мәнге ие.

Көпірдің бес кіреберіс бөлігі толықтай асфальтталып, негізгі үстіңгі қабатына қиыршық тас төселді. Сонымен қатар 800 метрге жуық аумақ жаңа жабынмен қамтамасыз етілді. Бұл – тек сыртқы жаңарту емес, ұзақ мерзімге шыдас беретін заманауи материалдарды пайдалану арқылы жүргізілген кешенді жұмыс.
Қызылорда – аймақтағы негізгі көлік тораптарының бірі. Мұндағы жолайрық тек қалаішілік қозғалысқа ғана емес, транзиттік тасымалға да тікелей әсер етеді. Жаңа жол шешімі көлік жүктемесін азайтып, жүргізушілердің уақытын үнемдеуге сеп болады. Сондай-ақ жүк тасымалының қарқыны артқанда аймақ экономикасының да серпіні күшеймек.
«Қызылорда–Құмкөл» жолайрығының қайта салынуы – аймақ үшін стратегиялық шешім. Ол қаладағы көлік қатынасының тиімділігін арттырып қана қоймай, өңірдің жалпы экономикалық дамуына да ықпал етпек. Демек, жол инфрақұрылымын жетілдіру – әлеуметтік-экономикалық өркендеудің маңызды алғышарты
