537733513 2116891705507944 186240300479817203 nplaceholder

Ауыл өмірінің айнасы – өнер мен бірлік

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың 2025 жылды «Жұмысшы мамандықтар жылы» деп жариялауына орай, Шиелі ауданында ауылдардың әлеуметтік-экономикалық әлеуетін арттырып, тұрғындардың белсенділігін ынталандыру мақсатында «Ауыл күндері» байқауы бастау алған болатын, деп хабарлайды «Азаттық-Ньюс» Ақпараттық агенттігі.

Апта сайынғы игі дәстүрге айналған бұл байқау аясында бүгін Керделі және Еңбекші ауылдық округтерінің өнерпаздары «Руханият» орталығының алаңында көрермендерге арнап әсерлі концерттік бағдарлама ұсынды.
 
Кеш барысында ұлттық салт-дәстүрге негізделген көріністер, патриоттық әндер мен өнер туындылары орындалып, көпшіліктің ыстық ықыласына бөленді.
 
Ауқымды жоба ауыл тіршілігін жаңғыртып, еңбек адамдарының мәртебесін көтеруге, бірлік пен ынтымақты нығайтуға бағытталған.
 
Байқау шеңберінде елді мекендерде абаттандыру, мәдени-көпшілік шаралар, ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкелері ұйымдастырылып, жұмысшы мамандықтарының қоғамдағы рөлі кеңінен насихатталуда.
 
Бүгінгі кешке аудан әкімінің орынбасары Болатбек Ысмағұлов арнайы қатысып, ауыл тұрғындары мен өнер ұжымдарына сәттілік тілеп, бұл бастаманың ауыл өміріне тың серпін беріп жатқанын атап өтті.

Бөлісу:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

2 + 16 =

АЙДАРЛАР

Басқа да мақалалар