536453690 2115054665691648 3903779950500660001 nplaceholder

Дәстүрлі спартакиада: Шиелі спортшылары жеңіс биігінде

Қызылорда облысының дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасының 2025 жылға арналған бұқаралық спорттық іс-шаралар күнтізбелік жоспарына сәйкес, 18-22 тамыз аралығында Қызылорда қаласында ауыл спортшылары арасында «Ұлы Жеңістің 80 жылдығы» және «Қызылорда қаласының Астана болғанына 100 жыл» мерекелеріне арналған дәстүрлі «Алтын күз – 2025» XXXVIII облыстық спартакиадасы өтті, деп хабарлайды «Азаттық-Ньюс» Ақпараттық агенттігі.

Сонымен қатар бұл жарыс «Ақ бидай» республикалық VIII ауыл спорт ойындарына іріктеу кезеңі ретінде ұйымдастырылды.
 
 Ауқымды додада Шиелі ауданының спортшылары ерекше белсенділік танытып, жекпе-жек сайыстарында жоғары нәтижеге қол жеткізіп, командалық есепте І орын иеленді!
Бұл – ауданда бұқаралық спорттың жүйелі дамуының, спортшылардың қажырлы еңбегі мен бапкерлердің ерен еңбегінің айқын нәтижесі.
 
 Аудан мерейін үстем етуде жарыс жолын жетістіктермен бастаған барлық спортшыларға алдағы сындарда жеңіске жетуін тілейміз!

Бөлісу:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

десять + 14 =

АЙДАРЛАР

Басқа да мақалалар