533484001 2111398922723889 2980180862360889741 nplaceholder

«Таза Қазақстан» акциясы аясында Шиеліде жаппай сенбілік өтті

Бүгін Шиелі ауданында «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында ауқымды сенбілік ұйымдастырылды, деп хабарлайды «Азаттық-Ньюс» Ақпараттық агенттігі.

Сенбілік барысында ауданның барлық кент және ауылдық округтері, дербес бөлімдер, мекеме қызметкерлері, ардагерлер, жастар ұйымдары белсене қатысты.
 
Сенбілік аясында аудан аумағында санитарлық тазарту, көгалдандыру, тұрмыстық қалдықтарды жинау, ағаш-бұта реттеу, жол бойы мен қоғамдық орындарды абаттандыру жұмыстары қарқынды жүргізілді. Шараға белсене атсалысқан тұрғындар туған өлкенің тазалығы мен көркеюіне өз үлестерін қосты.
 
Аудан әкімі Айтбай Жандарбеков сенбілікке белсене қатысқан барлық тұрғындарға алғысын білдіре отырып:
 
– «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы – қоршаған ортаны қорғау, табиғатты сақтау және қоғамда экологиялық мәдениетті қалыптастыру жолындағы маңызды бастама. Бұл – әрбір азаматтың туған жеріне деген жанашырлығын көрсететін, ортақ табиғатымызға деген жауапкершілікті арттыратын игі қадам, – деді.
 
Айта кету керек, аудан көлемінде тазалық пен көгалдандыру жұмыстары жүйелі түрде жалғасын таба бермек.
 

Бөлісу:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

3 × 5 =

АЙДАРЛАР

Басқа да мақалалар