«Жаңа оқу жылына дайындық барысы» талқыланды

531148244 2108326009697847 4510029656998419201 nplaceholder

Бүгін аудан әкімі Айтбай Жандарбековтың төрағалығымен кезекті мәжіліс өтті, деп хабарлайды «Азаттық-Ньюс» Ақпараттық агенттігі.

Күн тәртібінде 2025-2026 жаңа оқу жылына дайындық мәселесі қаралды.
 
Мәжіліске аудан әкімінің орынбасарлары, дербес бөлім басшылары, кент және ауылдық округ әкімдері қатысты. 

Баяндамашы ретінде аудандық білім бөлімінің басшысы Дауренбек Насибеков сөз алып, аудан мектептеріндегі жөндеу жұмыстарының жай-күйі, оқулықпен қамтамасыз ету, оқушыларды тасымалдау және мектеп асханаларының жай-күйі туралы кеңінен баяндады.
 
Аудан көлеміндегі білім беру ұйымдары жаңа оқу жылын 1 қыркүйекте бастайды. Оның ішінде бірнеше мектепке күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілуде.
 
Бүгінгі таңда жөндеу жұмыстарының басым бөлігі аяқталуға жақын. Сонымен қатар, бірінші сыныпқа баратын оқушылар толық оқулықпен қамтылмақ.
 
Аудан әкімі Айтбай Жандарбеков сала басшыларына әрбір мектептің дайындығына нақты жауапты болу керектігін айтып, оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, санитарлық талаптардың сақталуы және білім беру сапасын арттыру бойынша бірқатар нақты тапсырмалар жүктеді.
 
Күн тәртібінен бөлек 2 мәселе қаралды:
1. Облыс және аудан әкімдерінің тапсырмаларының орындалуы.
2. «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында атқарылып жатқан жұмыстар.
 
Мәжіліс соңында аудан әкімі Айтбай Жандарбеков күн тәртібіндегі мәселелер бойынша пікір білдіріп, жауапты тұлғаларға нақты тапсырмалар берді.

Бөлісу:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

2 × 5 =

АЙДАРЛАР

Басқа да мақалалар