Бүгін Шиелі ауданында «Таза Қазақстан» акциясы аясында үлкен сенбілік ұйымдастырылды, деп хабарлайды «Азаттық-Ньюс» Ақпараттық агенттігі.
Сенбілік аясында ауданымыздың барлық кент және ауылдық округтері, дербес бөлімдер, ардагерлер, жастар қатысып, санитарлық тазалық жұмыстарың жүргізуде, экологиялық жағдайды жақсарту мақсатында қалдықтарды жинап, аумақтарды тазартты.
Аудан әкімі Айтбай Жандарбеков сенбілікке қатысушыларға алғысын білдіріп, бұл сенбілік жұмыстары Шиелі ауданының табиғаты мен айналасын қорғауға, тұрғындардың өмір сапасын жақсартуға оң әсер ететінін айтты.
Айта кетейік, ауданымызда тазалық, көгалдандыру жұмыстары алдағы уақытта да жалғасын табатын болады.