530201643 2104003603463421 5732744583396865879 nplaceholder

"Абай мұрасы - халық ұлағаты" әдеби кеші өтті

Ұлы ойшыл, данышпан Абай Құнанбаевтың 180 жылдығына орай Шиелі ауданында рухани мазмұнға толы поэзиялық әдеби кеш өтті, деп хабарлайды «Азаттық-Ньюс» Ақпараттық агенттігі.

Шара аудан әкімі Айтбай Насриддинұлы Жандарбековтың қолдауымен ұйымдастырылып, мемлекеттік қызметшілердің қатысуымен жоғары деңгейде өтті.
 Әдеби кеш «Руханият» орталығында өтті.
 Мақсаты – мемлекеттік қызметшілердің рухани және мәдени әлеуетін арттыру, кітап оқу мәдениетін қалыптастыру, әдебиетке қызығушылығын жандандыру.
 Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтқандай:
««Біз ұлттық сананы жаңғыртамыз және бәсекеге қабілетті ұлт қалыптастырамыз десек, Абайдың шығармаларын мұқият оқуымыз керек. Оның қоғамдағы түрлі үдерістерге қатысты көзқарасы бүгінгі Қазақстан үшін аса пайдалы. Өз заманының ғана емес, қазіргі қоғамның да бейнесін танытқан Абай – елдік мұраттың айнымас темірқазығы.».
 Кешті аудандық қоғамдық даму бөлімінің бас маманы Гүлшат Рысқалиқызы жүргізіп, көрерменге Абай мұрасының маңызын терең жеткізді. Мемлекеттік қызметшілерден құралған шығармашылық топ Абайдың қара сөздері мен өлеңдерін оқып, ән-жырмен әрлеп, ерекше әсер сыйлады.
 Поэзиялық – әдеби кеш барысында аудан әкімі аппаратының басшысы, әдеп жөніндегі уәкіл Ғалымжан Болатұлы ұлы ақынның қазақ руханиятындағы орны, ойшылдық мұрасы туралы ой бөлісті.
 Бұл кеш – мемлекеттік қызметшілердің шығармашылық қабілетін жаңа қырынан танытқан тағылымды да мазмұнды мәдени шара болды.
 «Абай мұрасы — халық ұлағаты» атты кеш – ұлттық құндылықтарды ұлықтайтын, өнер мен руханияттың үндескен алаңына айналды.

Бөлісу:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

четырнадцать + 14 =

АЙДАРЛАР

Басқа да мақалалар