2025-2026 оқу жылына өңірге қажетті мамандықтар бойынша Шиелі ауданына облыс әкімінің гранттары бөлінді, деп хабарлайды «Азаттық-Ньюс» Ақпараттық агенттігі.
Үміткер бола алады:
• мүгедектігі бар балалар;
• жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар;
• асыраушысынан айырылу бойынша жәрдемақы алатындар;
• толық емес және көпбалалы отбасылардан шыққан балалар;
• ата-анасының біреуі немесе екеуі де мүгедек, зейнеткер отбасынан шыққан балалар;
• табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен аспайтын отбасылардың балалары.