529727701 4004469683153093 6586806685268908579 nplaceholder

Экологиялық қоқыс жинау сайысы өтті

Халықаралық жастар күні қарсаңында әуежай – ПМК-29 бағытындағы саяжай жолында «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы шеңберінде «Тазалықты сақта – болашақты қорға» атты экологиялық қоқыс жинау сайысы өтті.

Шараның мақсаты – жастардың экологиялық сауаттылығын арттыру, табиғатқа жанашырлықпен қарауға тәрбиелеу, сондай-ақ қоршаған ортаның тазалығын сақтауға бағытталған еріктілер қозғалысын дамыту.

Сайысқа 100 жас қатысты. Олар 10 адамнан тұратын командаларға бөлініп, белгіленген аумақта тазалық жұмыстарын жүргізді. Әр командаға қоқыс жинауға 1 сағат уақыт және 30 дана қап берілді.

Қатысушылар 1 жарым тоннағы жуық қоқыс шығарды. Қоқыс көлемі мен жұмыс сапасы арнайы бағалау критерийлері бойынша (жинау жылдамдығы, сұрыптау деңгейі, белсенділік және салмақ) есептелді.

Сайыс қорытындысы бойынша жеңімпаздар алдағы қорытынды шарада марапатталатын болады . Жүлде қоры:

  • І орын – 90 000 теңге
  • ІІ орын – 70 000 теңге
  • ІІІ орын – 50 000 теңге

Бөлісу:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

16 − 6 =

АЙДАРЛАР

Басқа да мақалалар