532450641 2110844219446026 4610377288600623723 nplaceholder

Ардагерлерге құрмет – ұрпаққа үлгі

Шиелі аудандық әкімдігінің мәжіліс залында ел дамуына өлшеусіз үлес қосқан, өмірін туған жерінің өркендеуіне арнаған ардагерлерді ұлықтау рәсімі өтті. Бұл игі шара – қоғамымызда қалыптасқан үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсету дәстүрінің айқын дәлелі болды.

Салтанатты басқосуда ауыл шаруашылығы, білім беру және спорт салаларында абыройлы еңбек етіп, көпшіліктің сый-құрметіне бөленген үш бірдей азамат – Киікбай Смайылұлы, Әбен Бәкірұлы және Садық Ермағамбетұлының мерейлі жастары аталып өтті.

Киікбай Смайылұлы – ұзақ жылдар бойы ауыл шаруашылығы саласында қажырлы еңбек етіп, ел экономикасының дамуына сүбелі үлес қосқан білікті маман. Бірнеше жауапты қызметтерді абыроймен атқарып, ауданның аграрлық секторын дамытуға айрықша үлес қосты. Ерен еңбегі үшін «Құрмет белгісі» орденімен марапатталған, Шиелі ауданының «Құрметті азаматы» атанған. Биыл ардақты азамат 90 жасқа толып отыр.

Әбен Бәкірұлы – ұстаздықты өмірлік мұраты еткен, саналы ғұмырын жас ұрпақ тәрбиесіне арнаған ардагер педагог. Бірнеше мектепте директор қызметін атқарып, білім сапасын арттыруға, ұрпақ санасына ізгілік пен отансүйгіштік қасиеттерін дарытуға зор еңбек сіңірген. «Қазақ ССР халық ағарту ісінің озық қызметкері» төсбелгісінің иегері. Биыл мерейлі 90 жасқа толып, әріптестері мен шәкірттерінің ыстық ықыласына бөленуде.

Садық Ермағамбетұлы – спорт саласында ұзақ жыл еңбек етіп, ауданның дене шынықтыру және спорт бөлімін басқарған тәжірибелі маман. Оның жетекшілігімен аудан спортшылары республикалық және халықаралық жарыстарда жоғары нәтижелер көрсетіп, өңірдің намысын абыроймен қорғады. «Қазақстан Республикасының Құрметті спорт қайраткері» атағының иегері. Биыл 70 жасқа толып отыр.

Мерейтой иелерін құттықтаған аудан әкімі Айтбай Жандарбеков олардың еселі еңбегін ерекше атап өтіп, жас ұрпаққа үлгі екенін айтты.

— «Сіздер өзіңіздің табанды еңбегіңізбен, адал ниетіңізбен және өмірлік ұстанымдарыңызбен туған өңірдің дамуына айрықша үлес қостыңыздар. Еңбек жолдарыңыз – жас буынға үлгі, ал өмір тәжірибеңіз – баға жетпес қазына», – деді аудан басшысы.

Сондай-ақ, аудан әкімі мерейтой иелеріне арнайы марапаттар табыстады:

  1. Қызылорда облысының «Құрмет» грамотасы – Киікбай Смайылұлына;
  2. Шиелі ауданының «Құрмет» грамотасы – Әбен Бәкірұлына;
  3. Шиелі ауданының «Құрмет» грамотасы – Садық Ермағамбетұлына.

Жиын барысында Шиелі ауданының Құрметті азаматы Рахым Мәуияұлы және аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Өркен Әзімханұлы да сөз сөйлеп, ардагерлерге ізгі тілектерін білдірді. Олар өткеннің өнегелі жолын өскелең ұрпаққа жеткізудің маңыздылығын атап өтті.

Шара соңында «Нартай өнер үйінің» өнерпаздары қазақтың әсем әні мен күмбірлеген күйін тарту етіп, жиналғандарға рухани сый жасады. Әсем әуен мен жырдан шашылған шашу мерекелік жиынның шырайын кіргізді.

Бұл мерейтойлық кездесу – елге еңбегі сіңген ардагерлерге деген құрметтің ғана емес, сондай-ақ қоғамдағы ұрпақтар сабақтастығын нығайтудың, өмір жолы өнегелі жандарды дәріптеудің айқын үлгісі болды.

Бөлісу:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

двадцать − 12 =

АЙДАРЛАР

Басқа да мақалалар