530823137 2362373030824862 2982772862236633173 nplaceholder

Абай: Ұлт руханиятының ұлы мерекесі

Абай облысында ұлы ойшыл, хәкім Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойына арналған онкүндік аясындағы басты шаралар ақынның туған жері — Абай ауданында ұйымдастырылды.
“Абай күніне” арналған салтанатты жиынға Парламент Сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаев бастаған делегация, Парламент Сенаты мен Мәжілісінің депутаттары, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы, халық жазушысы Төлен Әбдік, Жазушылар одағының төрағасы Мереке Құлкенов, Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов және өзге де құрметті қонақтармен қатар, Сыр өңірінің делегациясы да қатысты.

531845531 2362372974158201 6569565585096648264 n

Мәулен Әшімбаев шараның ашылуында сөз сөйлеп, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың мерейтойға арналған құттықтау хатын оқып берді. Президент өз хатында Абай мұрасының адамзаттық маңызын атап өтіп, ақын шығармашылығын терең зерттеу мен насихаттаудың қажеттілігін айтты.
Облыс әкімі Берік Уәли де құттықтау сөз сөйлеп, мерейтой биыл алғаш рет онкүндік форматында өткенін және мерекелік шаралардың ел игілігіне қызмет ететін жобалармен толыққанын жеткізді.

530245900 2362372980824867 8440532758631946363 n
Сыр өңірінен келген делегация Жидебай ауылына барып, ұлы ақынның басына зиярат жасады. Қызылорда облысының өкілдері Абай ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, хәкімнің кесенесіне тағзым етті. Делегация мүшелері сондай-ақ ақынның өмір сүрген үйін аралап, бүгінде музейге айналған тарихи орынмен танысты. Мұнда олар Абайдың жеке қолданған бұйымдарын, қолжазбаларын, шығармашылық мұрасын айғақтайтын жәдігерлерді көріп, ұлы ойшылдың өмір жолына терең бойлады.
Бұл сапар Сыр елі мен Абай елі арасындағы бауырмалдық байланыс пен рухани сабақтастықты тағы да айқын көрсетті. Халық даналығы мен ұлы мұраның киелі мекенінде өткен мерейлі кездесулер қатысушылардың жүрегінде өшпес із қалдырды.

Бөлісу:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

17 − 11 =

АЙДАРЛАР

Басқа да мақалалар