Бүгін Шиелі ауданында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында кезекті сенбілік ұйымдастырылды, деп хабарлайды «Азаттық-Ньюс» Ақпараттық агенттігі.
Экология мен санитарлық тазалық мәселелері аудан әкімі Айтбай Жандарбековтің тұрақты бақылауында. Аудан басшысының тапсырмасына сәйкес, елді мекендерде абаттандыру және көгалдандыру жұмыстары жүйелі түрде жүргізіліп келеді.
Бүгінгі сенбілікке аудан орталығы мен барлық ауылдық округтердің тұрғындары, дербес бөлімдер, білім беру және денсаулық сақтау ұйымдары, жастар мен еріктілер белсене қатысып, көшелер мен қоғамдық орындарды тазалап, гүл егу жұмыстарына атсалысты.
Аталған сенбілік тұрғындардың табиғатқа жанашырлықпен қарауын қалыптастырып, аудан келбетін көркейтуге және тұрмыс сапасын арттыруға бағытталған. Мұндай игі бастамалар алдағы уақытта да өз жалғасын табады.