Бүгін аудан әкімі Айтбай Жандарбеков егін алқаптарын аралап, ауыл шаруашылығы саласындағы жұмыстардың жай-күйімен танысты, деп хабарлайды «Азаттық-Ньюс» Ақпараттық агенттігі.
Биыл Шиелі ауданында 31 512 гектар жерге ауыл шаруашылығы дақылдарын орналастыру жоспарланған.
Оның ішінде:
• 14 783 гектар – дәнді дақылдар,
• 1 130 гектар – майлы дақылдар,
• 10 332 гектар – мал азықтық дақылдар,
• 5 267 гектар – картоп, көкөніс, бақша өнімдері.
Сонымен қатар, ауданда 12 500 гектарға күріш егілді. Қазіргі уақытта бақша дақылдары жиналып, тұрғындар мен тұтынушыларға жеткізілуде.
Бұл насос қондырғыларының:
• 25-і – шаруашылықтардың иелігінде,
• 19-ы – «Табиғат» МКК қарамағында,
• 17-і – «ҚазСуШар» РМК арқылы,
• 6-ы – қосымша қондырғылар ретінде қолданылуда.
Қазіргі уақытта бұл қондырғылар аяқ су жетуі қиын, су тапшылығы сезілетін егістік алқаптарға орналастырылып, суару жұмыстары жүйелі жүргізілуде. Шаруашылықтар қашыртқы суларды қайта пайдалану мен кезектестіру әдісін тиімді қолданып отыр.
Жалпы, ауданда аяқ су мәселесі тұрақты бақылауда. Бұл бағытта күнделікті мониторинг жүргізіліп, әрбір ауылдық округте егістікке су жеткізу барысы мұқият қадағаланып келеді. Шаруашылықтармен бірге суару кестелері бекітіліп, су үнемдеу мен тиімді пайдалану шаралары қолға алынған. Қосымша насос қондырғыларының жұмысын үйлестіру арқылы су тапшылығының алдын алу жұмыстары жалғасуда.