518402131 2088169091713539 1537396458291358224 nplaceholder

Шиелі ауданында «Таза Қазақстан» акциясы аясында сенбілік ұйымдастырылды

Бүгін Шиелі ауданында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында кең ауқымды сенбілік ұйымдастырылды, деп хабарлайды «Азаттық-Ньюс» Ақпараттық агенттігі.

Сенбілік барысында аудан әкімі Айтбай Насриддинұлы бірқатар нысандарды аралап, тазалыққа үлес қосқан тұрғындарға алғысын білдіріп, қоршаған ортаға жанашырлық танытудың маңызын атап өтті.
⠀
 Сенбілік аясында аудан орталығындағы көшелер мен саябақтар, арық-атыздар тазартылып, арам шөптер шабылды. Жиналған тұрмыстық қалдықтар арнайы техникалармен шығарылып, тиісті орындарға жеткізілді.
⠀
 Бұл тазалық жұмыстарына аудан орталығы ғана емес, барлық ауылдық округтердің тұрғындары да белсене қатысып, бірлік пен ұйымшылдықтың үлгісін көрсетті.

Бөлісу:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

1 × три =

АЙДАРЛАР

Басқа да мақалалар