Ауқымды байқау – ауыл тіршілігін жандандырып, еңбек адамдарының мәртебесін көтеруге, ынтымақ пен бірлікті нығайтуға бағытталған игі бастама, деп хабарлайды «Азаттық-Ньюс» Ақпараттық агенттігі.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың 2025 жылды «Жұмысшы мамандықтар жылы» деп жариялауына орай, Шиелі ауданында ауылдардың әлеуметтік-экономикалық әлеуетін арттырып, тұрғындардың белсенділігін ынталандыруды көздеген «Ауыл күндері» байқауы бастау алған.
Ауқымды байқау – ауыл тіршілігін жандандырып, еңбек адамдарының мәртебесін көтеруге, ынтымақ пен бірлікті нығайтуға бағытталған игі бастама. Байқау аясында елді мекендерде абаттандыру, мәдени іс-шаралар, ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкелері ұйымдастырылып, жұмысшы мамандықтарының маңызы кеңінен насихатталуда.
’Ауыл күндері‘ аясындағы байқауға аудан әкімінің орынбасары Болатбек Ысмағұлов қатысып, тұрғындарға сәттілік тілеп, осындай игі бастамалар ауыл өміріне серпін беретінін атап өтті.