518137566 2086661468530968 4824337379333676350 nplaceholder

Конкурстық іріктеусіз мемлекеттік әкімшілік лауазымға қабылданды

Жоғары оқу орындарында мемлекеттік грант аясында білім алып, оны жақсы көрсеткішпен (GPA 3.33-тен жоғары) тәмәмдаған түлектер үшін мемлекеттік қызметке конкурссыз орналасу мүмкіндігі қарастырылған, деп хабарлайды «Азаттық-Ньюс» Ақпараттық агенттігі.

Бұл бастама білікті жастарды мемлекеттік қызметке ынталандыру және өңірлердегі кадр тапшылығын шешу мақсатында енгізілген.

Осы ретте, Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан Медицина университетінің түлегі Әлихан Дәнекер Зұлқарнайқызы «Қоғамдық денсаулық сақтау» мамандығы бойынша оқу орнын GPA 3,50 көрсеткішімен аяқтап, уәкілетті органның келісімі негізінде Қызылорда облысының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің Шиелі аудандық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының санитарлық-гигиеналық бақылау, техникалық регламенттерді бақылау бөлімінің жетекші маманы бос лауазымына конкурстық іріктеусіз тағайындалды.

Бөлісу:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

2 × 3 =

АЙДАРЛАР

Басқа да мақалалар