Нұрғали Қауғанбайұлын еске алуға арналған облыстық турнир өтті
Шиелі ауданында тыл ардагері, Құрметті теміржолшы Нұрғали Қауғанбайұлын еске алуға арналған қазақ күресінен облыстық деңгейде турнир ұйымдастырылды, деп хабарлайды «Азаттық-Ньюс» Ақпараттық агенттігі.
Турнирдің ашылу салтанатында аудан әкімінің орынбасары Болатбек Ысмағұлов пен Құрмет орденінің иегері, «Шиелісушар» өндірістік учаскесінің басшысы Дихан Әубәкіров сөз сөйлеп, қатысушыларға сәттілік тіледі.
⠀
Додалы бәсекеге Қызылорда қаласы мен аудан орталықтарынан келген 2012–2013 жылы туған 100-ден астам жас балуан қатысып, 9 салмақ дәрежесі бойынша өзара мықтыны анықтады.
⠀
Бүгінгі турнир – ұлттық спортты дамыту мен жас балуандарды ынталандырудың, сондай-ақ, еңбек ардагерлерін құрметтеп, олардың есімін мәңгі есте қалдырудың жарқын үлгісі.