Шиеліде «Таза Қазақстан» акциясы аясында кең көлемді сенбілік ұйымдастырылды
Бүгін Шиелі ауданында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында кең көлемді сенбілік ұйымдастырылды, деп хабарлайды «Азаттық-Ньюс» Ақпараттық агенттігі.
Сенбілік жұмыстарының барысын аудан әкімі Айтбай Насриддинұлы өзі аралап көріп, тазалыққа үлес қосқан тұрғындарға ризашылығын білдірді.
Іс-шара аясында аудан орталығындағы көшелер мен саябақтар, арықтар толық тазартылып, арам шөптер оталды. Жиналған қоқыс қалдықтары арнайы полигондарға шығарылды.
Бұл тазалық жұмыстарына аудан орталығы ғана емес, барлық ауылдық округтердің тұрғындары да белсене қатысып, ортақ іске атсалысты.