Бұл жетістік – сапалы өнім, заманауи технология және үздіксіз еңбектің нақты нәтижесі. Жоғары кәсібилік, ұйымшыл ұжым және жауапкершілікпен атқарылған істің жарқын көрінісі.
Осындай ірі жетістіктер – тек бір компанияның ғана емес, бүкіл Шиелі ауданының абыройы. Бұл жеңіс өңіріміздегі өндіріс саласының әлеуетін тағы бір мәрте дәлелдеп отыр.
«Гежуба Шиелі Цемент Компаниясы» сияқты алдыңғы қатарлы кәсіпорындардың табысы – ел экономикасының тұрақты дамуына және аймақтық өндірістің өрлеуіне зор үлес қосады.