514582394 2074867926376989 543134589210799146 nplaceholder

Мәслихат депутаттары "Сыр ұланы" лагеріне барды

Бүгін облыстық мәслихат төрағасы Мұрат Тлеумбетов және облыстық мәслихат депутаттары Ж.Ысқақ, А.Абибуллаева, Г.Мұсаева, Е.Искендер мәслихаттың Экономика, әлеуметтік және құқықтық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының жұмыс жоспарына сәйкес, Қызылорда облысында орналасқан лагерлердің жұмыс жағдайымен танысу мақсатында Шиелі ауданында болды.
 
Аудан әкімі Айтбай Жандарбеков, аудандық мәслихат төрағасы М.Тұрабаев,облыстық білім басқармасы басшысы орынбасарының уақытша міндетін атқарушы Б.Есенбаев, және аудандық мәслихат депутаты Б.Сыздықпен бірге алдымен аудандағы «Сыр ұланы» тынығу лагеріне барып, жаз мезгілінде балалардың демалысын ұйымдастыру бағытындағы жұмыс барысы және материалдық-техникалық базасымен танысты.
1986 жылдан беру жұмыс істеп келе жатқан лагер бүгінде 7 ауысымда 700 оқушыны қабылдай алады. Әр ауысымда 100 бала демалады. Мұнда оқушылардың қауіпсіздігі, сапалы тамақтануы, санитарлық талаптардың сақталуы және тәрбие жұмыстары басты назарда.
Лагерь аумағында жазғы ойын алаңдары, спорттық жаттығу аймақтары қарастырылған. Сондай-ақ шығармашылық үйірмелер мен мәдени іс-шаралар арқылы балалардың бос уақытын тиімді ұйымдастыруға мүмкіндік жасалған.
Жыл сайын жазғы маусымда балалар осы жерде демалып, түрлі бағыттағы танымдық және тәрбиелік шараларға қатысады. Балалардың жазғы демалысы – олардың тұлғалық дамуы мен денсаулығы үшін маңызды кезең.

Бөлісу:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

двадцать − шестнадцать =

АЙДАРЛАР

Басқа да мақалалар