Қызылорда қаласы аумағында санитарлық тазалықты сақтау және экологиялық мәдениетті қалыптастыру мақсатындағы рейдтік шаралар өтуде, деп хабарлайды «Азаттық-Ньюс» Ақпараттық агенттігі.
Қала аумағында санитарлық тазалықты сақтау және экологиялық мәдениетті қалыптастыру мақсатындағы рейдтік шаралар өтуде.
Арнайы құрылған жұмысшы топ тұрмыстық қалдықтарды белгіленбеген орындарға тастап, құрылыс материалдарды меншік аумағынан тысқары қойған, абаттандыру қағидаларын және санитарлық талаптарды өрескел бұзған тұрғындар мен кәсіпкерлік субъектілеріне қолданыстағы заңнамаға сәйкес әкімшілік шаралар қабылдауда.