Желтоқсан оқиғасына қатысқан азаматты сот саяси қуғын-сүргін құрбаны деп таныды

i 2placeholder

Ақтөбе қаласының №3 соты 1986 жылғы Алматыдағы Желтоқсан оқиғасына қатысқан азаматты саяси қуғын-сүргін құрбаны деп таныды. Бұл туралы сот шешімі заңды күшіне енді, деп хабарлайды «Азаттық-Ньюс» Ақпараттық агенттігі.

64 жастағы азамат 1984 жылы Гурьев облысынан Қазақ мемлекеттік университетінің дайындық бөліміне жолдамамен оқуға түскен. 1985 жылы философия және экономика факультетінің студенті атанғанымен, 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасына қатысқаны үшін оқудан шығарылған.

Құқық қорғау органдары тарапынан еш айып тағылмаса да, ол қудалауға ұшырап, КОКП қатарынан шығарылған және жұмысқа тұруда көптеген қиындық көрген. Сол кездегі жұбайы да университет бітіргенімен, саяси себептермен жұмыс таба алмаған. 1990–1993 жылдары отбасы үш баласымен баспананы жалдап, әлеуметтік қиындықтарға тап болған.

2025 жылы азамат сотқа жүгініп, өзінің саяси қуғын-сүргінге ұшырағанын ресми тануды талап етті. Сот архивтік құжаттар мен куәгерлердің айғақтарын зерттей келе, оның Желтоқсан оқиғасына қатысқанын және еңбек құқықтары шектелгенін анықтады.

Сот Азаматтық процестік кодекстің 306-бабын және «Жаппай саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау туралы» Заңның 2-бабын басшылыққа ала отырып, азаматты саяси қуғын-сүргін құрбаны деп таныды.

Бөлісу:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

18 − 1 =

АЙДАРЛАР

Басқа да мақалалар