972 миллион теңге: үй аламын деп алданып қалды

Жазира Бағланқызы
1 Min Read
972 миллион теңге: үй аламын деп алданып қалды
972 миллион теңге: үй аламын деп алданып қалдыplaceholder

972 миллион теңге: үй аламын деп алданып қалды

972 миллион теңге: үй аламын деп ақша салған тұрғындар алданып қалды, деп хабарлайды “Азаттық-Ньюс” Ақпараттық агенттігі.

Алматы облысының 100-ден астам тұрғыны үй аламын деп алданып қалған.  Олар құрылыс компаниясына үлескер  болып, 972 миллион теңге ақша салған. Алайда үй де, ақша да келмеске кетіпті.

Қаржылық мониторинг агенттігі бұл заңсыздық бойынша тергеуді аяқтап, аса ірі көлемде жасалған алаяқтық фактісі болғанын мәлімдеді. Тергеу кезінде «Tоредо» ЖШС басшылары 2021-2023 жылдары құрылысқа рұқсатсыз – яғни лицензиясыз, қажетті құжаттарсыз және жобалық-сметалық құжаттамасыз жұмыс істегені анықталған.

Соған қарамастан олар «НOME», «НOME Южный», «НOME SAU», «НOME МAK» тұрғын үй кешендерін әлеуметтік желілерде белсенді түрде жарнамалаған. Бірыңғай тұрғын үй құрылысы операторының міндетті кепілдігі болмағанына қарамастан, олар жарнама арқылы 100-ден астам азаматтан 972 млн теңге жинаған, – делінген ҚМА мәліметінде.

Бүгінде сот санкциясы бойынша күдіктілердің 240 млн теңгеден асатын мүлкіне тыйым салынды. Олардың ішінде 12 жер телімі, 9 автокөлік, аяқталмаған үш қабатты ғимарат және жеке тұрғын үй бар.

Күдіктілер қамауға алынып, іс сотқа жіберілген.

Бөлісу:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

14 − 14 =

АЙДАРЛАР

Басқа да мақалалар

Бұл мақаламен бөлісу
Пікір қалдыру