whatsapp image 2025 02 13 at 07.32.40 1placeholder

Полиция интернет-алаяқтардан 24 мыңнан астам SIM-карта тәркіледі

Sim-box жабдықтарының орналасу географиясы кеңейіп жатыр, деп хабарлайды “Азаттық-Ньюс” ақпараттық агенттігі polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Егер бұрын мұндай құрылғылар негізінен ірі қалаларда тәркіленсе, қазір қаскөйлер оларды тұрғындары аз аймақтарда да орналастыра бастады.

Тек бір күнде Балқаш, Тараз, Екібастұз және Петропавл қалаларында киберполиция бөліністері прокуратурамен және ұялы байланыс операторларымен бірлесіп, sim-box жабдықтарының заңсыз жұмысын әшкерелеу бойынша іс-шаралар жүргізді.

Операция барысында төрт адам ұсталды, олардың екеуі көрші мемлекеттің азаматтары. Тінту кезінде алты sim-box құрылғысы, 24,5 мыңнан астам sim-карта және перифериялық жабдық тәркіленді.

Ұсталғандарға интернет-алаяқтарға көмектескені үшін 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделеді.

Sіm-box қылмыскерлерге әлемнің кез келген жерінде бола отырып, алаяқтық қоңыраулар жасауға мүмкіндік береді. Тек жабдықтың өзі сол мемлекетте орналасуы және жергілікті байланыс операторларының трафигін пайдалануы жеткілікті.

Бөлісу:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

одиннадцать − 4 =

АЙДАРЛАР

Басқа да мақалалар