Депутат Air Astana-ны сынға алды, деп хабарлайды “Азаттық-Ньюс” Ақпараттық агенттігі.
Қазақстанның көлік-логистикалық әлеуметін аттыру мәселелеріне арналған үкімет сағатында депутат Еділ Жаңбыршин Air Astana әуекомпаниясының жұмысын сынады.
“Air Astana аспанның құдайы болып алған. Билеттің бәрінің құны ұшу жақындаған кезде көтеріледі. Олай болмауы керек. Жақындаған уақытта билет бағасы түсуі керек. Себебі билетті тезірек өткізу керек қой. Бұлар керісінше жұмыс жасайды. Air Astana мәселесін дұрыстап қарау керек”, – дейді мәжіліс депутаты Жаңбыршин.
Ол биыл жазда осы әуе компаниясының ұшағы жарты тәулікке кешіккенін айтты. Содан бері айыппұл өндіре алмай жүргенін тілге тиек етті.
“Біз бір сағат кешіккенге үш пайыз айыппұл салатын ереже енгіздік. 2 тамызда Air Astana шамамен 12 сағатқа кешікті. Әлі күнге дейін айыппұлын ала алмай жүрміз. Неге? Олардың әдейі жасап қойған құйтұрқы схемасы бар. Сайтына кіріп, өтініш тастап, ақша алу қиын. Мен соның соңында әдейі жүрмін. Бәрібір өндіріп аламын”, – деді депутат.