Сыр өңірінде жақсы жағдайдағы жолдың үлесі - 92 пайыз

1185afc8 3edc 48ff a131 3ea4f9cbc934placeholder

Биыл Қызылорда облысында республикалық және облыстық бюджеттен бөлінген 44 млрд. 703 млн теңгеге 300 шақырым автомобиль жолы жөндеуден өтті, деп хабарлайды “Азаттық-Ньюс” Ақпараттық агенттігі.

Облыс орталығының негізгі көшелері әуежайдан Бейбарыс сұлтан көшесіне дейінгі аралық, қалаға Шиеліден кіреберіс жол, Яссауи, Жаппасбай батыр магистралды көшелері, Тәуелсіздіктің 25 жылдығы даңғылы төртжолақты болып кеңейтілді.

Қызылорда қаласында 4 млрд. 700 млн. теңгеге Жанқожа батыр көшесі арқылы өтетін теміржол асты автожолы, Арал, Жаңақорған аудандарында теміржол үстінен аспалы көпір құрылыстары жүруде.

Айта кетейік, жылдар бойы күн тәртібінен түспеген «Қызылорда-Жезқазған» автожолы Президенттің тікелей тапсырмасымен қайта жаңғыртылуда. Жоба құны – 108 млрд. 500 млн теңге. Қызылорда облысының аумағына тиесілі 216 шақырым жолдың 140 шақырымы аяқталды. Қалған бөлігі 2026 жылы ел игілігіне беріледі.

Мұнан бөлек, көпшілікті толғандырған «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» халықаралық дәлізінің Қызылорда қаласынан Ақтөбеге дейінгі аумағын төрт жолақтыға айналдыру мәселесі де Мемлекет басшысының тапсырмасымен шешімін табуда. Халықаралық дәліздің осы аумағын 1-санатқа ауыстыру бойынша «ҚазАвтоЖол» акционерлік қоғамы жоба-сметалық құжаттама әзірлеуде.


Биыл Қызылорда қаласының шет аймақтарындағы ұзындығы 43 шақырым болатын 46 көшені орташа жөндеуге 3 млрд. 217 млн. 300мың.теңге бөлініп, жұмыс толық аяқталды.


Сонымен қатар, 29 шақырым болатын 16 көшеге жаяу жүргіншілер жолы салынды.

Бөлісу:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

3 × два =

АЙДАРЛАР

Басқа да мақалалар