Елімізде “ерікті” ұғымы пайда болмақ, деп хабарлайды “Азаттық-Ньюс” Ақпараттық агенттігі.
Мәжіліс заң жобасын қабылдады.
Құжатқа сәйкес, енді заңда “ерікті” ұғымы пайда болады.
“Еріктілер қосылатын өзін-өзі қорғау құрылымдары жергілікті әскери басқару органдарының базасында құрылып, оларға тікелей бағынатын болады. Бейбіт уақытта дайындық барысында қазірдің өзінде бірқатар іс-шаралар қамтылған – дайындық оның ішінде еріктілерді де”, – деді қорғаныс министрінің орынбасары Сұлтан Камалетдинов Мәжілісте.
Заң жобасының қорытындысында, бұл Қазақстан азаматтарының жұмылдыру, соғыс жағдайы және соғыс уақытында өзін-өзі қорғау құрамаларына ерікті түрде қатысу мүмкіндігін көздейтіні айтылған.