238 миллион теңге: Мектеп бухгалтері бюджет қаражатын жымқырған

238 миллион теңге: Мектеп бухгалтері бюджет қаражатын жымқырғанplaceholder

238 миллион теңгені мектеп бухгалтері бюджет қаражатынан жымқырған, деп хабарлайды “Азаттық-Ньюс” Ақпараттық агенттігі.

Ақтөбе облысы прокуратурасы №48 жалпы білім беретін мектеп есепшісінің бюджет қаражатын заңсыз иемдену дерегіне қатысты соталды тергеп-тексеруді аяқтады.

“Ақтөбе қаласының прокуратурасы есепші Г-ның 2019-2024 жылдар аралығында қызмет бабын пайдалана отырып, мектеп қажеттіліктеріне бөлінген 230 миллион теңгеден аса бюджет қаражатын иемденгенін анықтады. Иемденіп алу схемалары жалақыны белгіленген нормадан тыс аудару, қос демалыс беру арқылы жүзеге асырылған”, – делінген хабарламада.

Есепші Г-ның іс-әрекеті ҚР ҚК-нің 189-бабы 4-бөлігі 2-тармағы (Аса ірі мөлшерде cенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу) бойынша сараланған.

“Арнайы прокурорлар қылмыстық істі мәні бойынша қарау үшін, Ақтөбе қаласының №2 сотына жолданды. 24.10.2024 жылы сот шешімі бойынша, есепші Г. кінәлі деп танылып, 7 жылға материалдық жауапкершілік лауазымдарды атқару құқығынан айырыла отырып, 6 жылға бас бостандығынан айыру жазасына сотталды”.

 

Бөлісу:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

5 × два =

АЙДАРЛАР

Басқа да мақалалар