463856538 960370912795212 3335590058012452989 nplaceholder

«AMANAT» партиясы кубогіне арналған XXІI Республикалық пікірсайыс турнирі басталды

«Жастар Рухы» жастар қанатының ұйымдастыруымен «AMANAT» партиясы кубогіне арналған XXІI Республикалық пікірсайыс турнирі бастау алды, деп хабарлайды «Азаттық-Ньюс» Ақпараттық агенттігі.

Турнирдің ашылуында партияның облыстық филиалының төрағасы Алмасбек Есмаханов қатысушыларға жылы лебізін білдірді.

– Еліміздің тұңғыш астанасы – Сыр елінде өздеріңізді көргеніме қуаныштымын. «Жастар Рухы» жастар қанаты қаншама жастың белсенділігін арттырып, олардың қанатын қатайтып үлкен ортаға қадам басуына көмектесіп келеді. Қаншама белгілі азаматтарымыз жастар қанатының тәлімінен шыққан. Бүгінгі пікірсайыс ойындарының өз дәрежесіде өтетіні анық. Барша қатысушыларға сәттілік тілеймін,-деді Алмасбек Есмаханов.

Сонымен қатар, шара барысында «Жастар Рухы» Жастар қанатының төрағасы Ақерке Искандерова, «Жастар Рухы» Қызылорда облыстық филиалының төрағасы Әсетхан Баймұрза сөз сөйледі.

Қатысушыларға Ислам ынтымақтастығы ұйымы Жастар форумының (ICYF-ERC) бас директоры Рафик Исмаилов қатысушыларды құттықтап, оларға сәттілік тіледі.

⠀Еліміздегі пікірсайыс қозғалысын дамыту, жастардың азаматтық сана сезімін қалыптастыру, жас ораторларды қолдау мақсатында ұйымдастырылуда.

Пікірсайысқа өтінім берген командалардың 60-ы іріктеу кезеңіне жолдама алды. Турнир іріктеу және плей-офф кезеңдерінен, қазақ және орыс студенттік лигасынан тұрады.

Пікірсайыс аясында Қазақстанның экономикалық жаңғыруының негізгі элементі ретінде жасанды интеллектті дамытуға белсенді инвестиция салу, Қазақстан полициясының жұмысын жаңғыртудың тиімді механизмі, әлемдік қоғамдастық 2050 жылға қарай көмірқышқыл газы шығарындыларының деңгейін 50%-ға төмендету жөнінде міндетті шаралар сынды өзекті тақырыптар талқыланатын болады.

Бөлісу:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

10 − шесть =

АЙДАРЛАР

Басқа да мақалалар