«Қарызсыз қоғам» жобасы аймақта қарқынды түрде жүзеге асуда. Бүгін жоба түлектеріне қаржылық сауаттылықты арттыру курсын өткендігін растайтын серфикаттар табысталды, деп хабарлайды «Азаттық-Ньюс» Ақпараттық агенттігі.
Жыл басынан бері аймағымызда 8977 азамат қаржылық сауаттылығын арттырды.
Айта кетейік, “Қарызсыз қоғам” жобасы Қазақстан халқының қаржылық сауаттылығын арттыруға бағытталған. Жобаның мақсаты – азаматтарды қаржыларын тиімді басқаруға, қарыздардан аулақ болуға және қаржылық болашағын сенімді түрде жоспарлауға көмектесетін білім мен дағдылармен қамтамасыз ету. Сондай-ақ, жоба өкілдері қазақстандықтарға өз құқықтарын қорғауға және борыш тұзағынан шығуға көмектесетін кешенді заң көмегін ұсынуда.