Бүгін «AMANAT» партиясы филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінде облыстық бақылау жөніндегі басқарманың басшысы Қалиев Ғанижан Піртазаұлы тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдады, деп хабарлайды «Азаттық-Ньюс» Ақпараттық агенттігі.
Қабылдау барысында тұрғындар кәсіптік нысан ғимаратының құрылыс заңдылығы және сараптамадан өткен құрылыс жобасы бойынша кеңестер сұрады.
Өтініш иелеріне құрылыс салуға рұқсат алу заңдылықтары түсіндірілді. Электронды портал арқылы құжаттарын тапсырып, 3 күнде өтінімі қаралатыны және де келісім алмай құрылыс бастаудың әкімшілік жауапкершілікке алып келетіні айтылды.
Сонымен қатар, тұрғын үй құрылысы бойынша құжаттарды рәсімдеу заңдылықтары түсіндіріліп, әлеуметтік нысандардың құрылыс жобасындағы олқылықтар бойынша құрылысшы мекеме басшыларының ұсыныстары тыңдалды.
Басқарманың әлеуметтік желілердегі ресми парақшаларында қажетті мәліметтер салынғаны, одан бөлек, қосымша ақпарат үшін басқармаға жолығу мүмкіндігі айтылды.