Аймағымызда Мемлекет басшысының «Таза Қазақстан» жалпыұлттық бастамасы аясында партияның «Таза бейсенбі» акциясы жалғасуда, деп хабарлайды «Азаттық-Ньюс» Ақпараттық агенттігі.
Бүгін «AMANAT» партиясы Байқоңыр қалалық филиалының ұйымдастыруымен жұлдызды шаһардағы Абай көшесінің аумағы қоқыс пен арамшөптен тазартылды. Игі іске партия мүшелері, қоғам белсенділері мен жастар, жалпы 30-ға жуық азамат үлес қосты.
Экологиялық акция барысында көше бойы тазартылып, қоқыстар жиналды.
Жоба аясындағы тазалық жұмыстары жыл соңына дейін жалғасатын болады.