463303066 957502909748679 4792530348619848901 nplaceholder

«AMANAT» партиясының «Қарызсыз қоғам» жобасын іске асыру бойынша аймақтық жобалық топ отырысы өтті

Партияның облыстық филиалының төрағасы Алмасбек Есмахановтың төрағалығымен өткен жиынға жоба менторлары, банк саласының қызметкерлері және заңгерлер қатысты, деп хабарлайды «Азаттық-Ньюс» Ақпараттық агенттігі.

Бүгінгі таңда азаматтардың қаржылық сауаттылығын арттыру бойынша атқарылып жатырған партиялық жобаның ауқымы кеңейіп азаматтар тарапынан сұраныс туғызуда. Дегенмен, несие борышкерлерінің саны елімізде азаймай отыр.

Жиында партияның облыстық филиалының төрағасы Алмасбек Әбілқасымұлы: Өздеріңіз білетіндей, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев өзінің 2023 жылдың 1-ші қыркүйегіндегі «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты халыққа Жолдауында «AMANAT» партиясының «Қарызсыз қоғам» жобасының тиімділігін атап өтіп, оның игілігін бүкіл еліміз көруі үшін ауқымын кеңейтуді Үкіметке тапсырды.

Осы ретте «AMANAT» партиясының Орталық аппараты мен ҚР Үкіметі жобаның ауқымын кеңейту туралы тиісті органдармен арнайы Меморандум әзірледі.

Құжат аясында 9 мемлекеттік орган, 12 банк, Қазақстан Қаржыгерлерінің қауымдастығы және Микроқаржы ұйымдарының қауымдастығы жобаны іске асыруға қосылды.

Аталған құжат негізінде а.ж. 5 ақпаны күні партияның «Қарызсыз қоғам» жобасы еліміздің барлық аймағында бастау алды,-деді.

Жыл басынан өңірімізде қаржылық сауаттылығын арттырған адамдар саны артуда. Жоба менторлары оларға несие рәсіміне қатысты, олардың берешегін өтеу, кәсіп бастауға сүйемелдеу жұмыстарын жүргізуде.

Жобаның өңірдегі бас менеджері Наталья Валентиновнаның айтуынша: Қызылорда қаласынан бастап өзге аудандарда да межеден артық оқыту жұмыстары жүргізілді. Мемлекет басшысы аталған жобаның маңыздылығын ескере отырып, келер жылы да жалғастыруды тапсырған болатын. Сондықтан, қаржылық сауаттылықты арттыру курсы қай кезде де өзекті,-деді.

Бүгінде кіші микроқаржы ұйымдарынан несие алудың оңай жолдары, алаяқтық жолмен бөгде азаматтың атынан несие алу секілді жағдайлар қоғамның өзекті мәселесіне айналды.

Аталған фактілермен құқық қорғау органдарының өкілдері айналысқанымен, алаяқтар айласын әртүрлі қулық әдістермен жүзеге асыруда.

Осы мәселелер бойынша да қаржылық сауаттылықты арттыру курстарында көбірек айтылуда. Тіпті, жоба менторлары алаяқтық түрлерімен де таныстырып, жобаға қатысушыларды жан-жақты хабардар етіп отырады.

Жиын соңында сала өкілдері заңгерлермен, банк қызметкерлерімен қаржылық сауаттылықты арттыру, азаматтар арасында кеңінен насихаттау бойынша пікір алмасып, алдағы жоспарларды талқылады.

Бөлісу:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

20 + один =

АЙДАРЛАР

Басқа да мақалалар