463064134 957376976427939 8846881605104463804 nplaceholder

Фракция мүшесі Төретам кенті мен Ақай ауылдық округінің тұрғындарын қабылдады

Бүгін облыстық мәслихаттағы “AMANAT” партиясы депутаттық фракциясының мүшесі Ержан Искендер Байқоңыр қаласы, Төретам кенті мен Ақай ауылдық округінің тұрғындарын қабылдады, деп хабарлайды «Азаттық-Ньюс» Ақпараттық агенттігі.

Алғашқы болып қоғамдық қабылдауға кірген Төретам кентінің тұрғыны Ж.Маханова Төретам кентінде қаңғыбас иттердің жүрген жері тұрғындар үшін өте қауіпті орындарға айналып кеткендігі жөнінде айтып, қаңғыбас иттердің санын азайту үшін тиісті шаралардың жүргізілуі жөнінде өтініш білдірді.

Келесі кезекте қоғамдық қабылдауға жазылған Ақай ауылдық округінің тұрғыны Г.Байтерекова ауылда заманауи аялдамалар салу үшін жергілікті бюджеттен қаржы бөлуге ықпал етуін сұрады.

Өз кезегінде қабылдауға кірген қала тұрғыны, Байқоңыр қаласының көпбейінді ауруханасының медбикесі Г.Смағұлова тұрғын үй мәселесіне байланысты өтініш білдірді.

Фракция мүшесі Е.Искендер қоғамдық қабылдауға келген тұрғындардың өтініштерін мұқият тыңдап, тез арада мәселелердің оңтайлы шешілуі үшін тиісті жұмыстардың жүргізілетіндігі туралы жеткізді.

Қоғамдық қабылдау барысында тұрғындар тарапынан айтылған өтініштер “AMANAT” партиясы Байқоңыр филиалының бақылауына да алынды.

Бөлісу:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

четырнадцать − три =

АЙДАРЛАР

Басқа да мақалалар