462544869 954370113395292 6873780585488405905 nplaceholder

«Кітап-AMANAT» орталығында кездесу өтті

Партияның «Кітап-AMANAT» орталығында «Қазақстан дәуірі» газетінің Бас редакторы, «Құрмет» орденінің иегері Ертай Айғалиұлы және мәдениет қайраткері, «Ақпарат саласының үздігі», аталмыш басылымның өңірдегі меншікті тілшісі Бейбітбек Бүркітбайұлы журналистика мамандығының студенттерімен кездесті, деп хабарлайды «Азаттық-Ньюс» Ақпараттық агенттігі.

Басқосуда дәстүрлі журналистиканың тарихы мен ақпараттандыру саласының заманауи түрлері жайлы сөз қозғалды.

Қазіргі заман сұранысына сай баспасөз басылымдарымен қатар интернет газеттер, ақпараттық сайттар мен әлеуметтік желідегі парақшалар бірге дамуда.

Дейтұрғанмен, ойы жүйрік, қарымды қаламгерлер тарихы терең басылымдардан «от» алып, қызметін ақпарат саласының түрлі бағыттарында жалғастыруда.

Газеттің бас редакторы Ертай Айғалиұлы да ұлтымыздың болмысы биік нар тұлғалы азаматы Шерхан Мұртазамен бір кездері қызметтес шәкірті болған.

Тәуелсіздік жылдары «Ана тілі, Жас алаш» газетінде ұзақ жылдар еңбек еткен. Тілішілік жолда кейіннен қазіргі «Қазақстан дәуірі» басылымында еңбек етуде.

Еркін сұрақ алмасу барысында жас толқын буындары көкейдегі сауалдарын жолдап, жауап алды. Оның ішінде журналистің бойындағы қасиеттері, кітап оқу мәселесі қозғалды. Сонымен қатар Сыр еліндегі сүлейлер мен жыраулар шежіресі жайлы ой толғау болды.

Газеттің өңірдегі меншікті тілшісі Бейбітбек Бүркітбайұлы студенттерге өз шығармашылығынан өлең арнады.

Бөлісу:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

1 × два =

АЙДАРЛАР

Басқа да мақалалар