Полицейдің ұлы есірткі сатқаны үшін 10 жылға сотталды, деп хабарлайды “Азаттық-Ньюс” Ақпараттық агенттігі.
Батыс Қазақстан облысы полиция департаменті бастығының қазіргі орынбасары Талғат Нұрғалиұлы Арыновтың ұлы химиялық есірткі сатқаны үшін 10 жылға сотталды.
“Нұржан Талғатұлы Арыновты ҚК 297-бабының (Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу) 3-бөлімі, 1, 3, 5-тармақтарымен көзделген қылмыстық құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танып, осы бап бойынша оған 10 жыл бас бостандығынан айыру жазасын тағайындау”, – делінген сот шешімінде.
Іс Маңғыстау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында қаралды.
Айта кетейік, Нұржан Арынов есірткі сату бойынша айыпталған еді. 15 мамырда ол сотта ақталды. Тергеу Батыс Қазақстан облысы полиция басшысының орынбасарының ұлының кінәсі дәлелденді деп санады.