Бүгін облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың төрағалығымен аймақтағы қоғамдық-саяси ахуал тұрақтылығын сақтауға қатысты мәжіліс өтті, деп хабарлайды «Азаттық-Ньюс» Ақпараттық агенттігі.
Жауапты сала басқарма басшылары, қала, аудан әкімдері атқарылған жұмыстарды баяндады.
Жиында өңір тұрғындарын толғандыратын және жиі көтерілетін маңызды мәселелердің шешу жолдары талқыланды.
Аймақ басшысы Нұрлыбек Машбекұлы қоғамдық-саяси ахуал күн тәртібіндегі басты мәселелердің бірі екенін айтып, жауапты сала басшыларына тапсырмалар жүктеді.