461772146 2105445576517610 1321962663557057979 nplaceholder

Аймақ ардагерлері «Өнер орталығымен» танысты

1 қазан – Қарттар күні қарсаңында облыстың барлық аудандарынан ардагерлер құрметпен Қызылорда қаласына шақырылды, деп хабарлайды «Азаттық-Ньюс» Ақпараттық агенттігі.

Облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосқан әр саланың ардагерлеріне аймақта атқарылып жатқан жұмыстар мен жаңа нысандардың құрылысы таныстырылды. Сонымен қатар мәдени-көпшілік шаралар ұйымдастырылып құрмет көрсетіліп жатыр.

Шаһарда бас қосқан қонақтар алдымен “Өнер орталығының” жұмысымен танысты. Өнерге өңір халқы өзгеше қарайды. Сондықтан да ардагерлер кең де сәулетті мәдениет сарайының жұмысына оң бағасын беріп, шығармашылық табыс тіледі.

Еске салсақ, орталықта өнер иелерінің, шығармашылық ұжымдардың ұлттық, академиялық, симфониялық және эстрадалық бағыттағы концерттері, түрлі форматтағы қоғамдық және мәдени-көпшілік іс-шаралар өткізіледі.

2022 жылдың қыркүйек айында 1000 келушіге арналған орталықтың іргетасы қаланып, 2024 жылы ел игілігіне берілген.

Бөлісу:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

пять + одиннадцать =

АЙДАРЛАР

Басқа да мақалалар