«Қазақстан халқына» ҚҚ қайырымдылық жасаушылар мен серіктестерге қосқан үлесі мен ынтымақтастығы үшін арнайы сыйлықтар табыс етті, деп хабарлайды «Азаттық-Ньюс» Ақпараттық агенттігі.
Сыйлықтың атауы – «Қазақстан халқынан». Сыйлық қайырымдылықты дамытуға елеулі үлес қосқан адамдар мен ұйымдарды тануға бағытталған.
Сыйлық қордың атауымен үндеседі және баршамыз Қазақстанның біртұтас халқы екенімізді көрсете отыра, қайырымдылық жасаушылар мен көмек алушылардың бірлігін бейнелейді. Жүрек пен бионикалық қолмен безендірілген шыны стелла қайырымдылық, инновация және ғылым арасындағы байланысты білдіреді, бұл жаңа технологияның арқасында адамдардың өмір сүру сапасын жақсартады.
Мәртебелі сыйлыққа ие болғандар қатарында “Аймақтың игілігі үшін стратегиялық альянс сыйлығы” номинациясына ие болған Қызылорда облысының әкімдігі де бар. Облыс әкімдігі бұл марапатқа өңірдегі оңалту және медициналық қызметтер бағдарламасын қолдағаны үшін ие болды.
Сыйлық кеше, Астанада 3-ші Ұлттық қайырымдылық конференциясы аясында табысталды. Конференция ірі компаниялар мен қайырымдылық қорлар, ҮЕҰ, ЖАО қатарындағы меценат-серіктестер арасындағы әлеуметтік жобаларды іске асыру үшін күш-жігерді біріктіру мақсатында өзара іс-қимыл талқыналар диалог алаңына айналды.
Марапаттау рәсімі қоғамдағы оң өзгерістерге ықпал ететін барлық қатысушылар мен лауреаттарға жылы лебіздерімен аяқталды.