Әскери қызметшілердің құқықтық мәдениетін көтеру үшін профилактикалық түсіндіру жұмыстары өткізілді, деп хабарлайды «Азаттық-Ньюс» Ақпараттық агенттігі.
Шараны ШГ ӘПБ Қызылорда гарнизонына қызмет көрсету жөніндегі әскери полиция бөлімшесінің ұйымдастырған.
Түсіндіру жұмыстарының мақсаты – құқықбұзушылық деректерін алдын алу. Оған Қызылорда облысы Полиция Департаменті Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының өкілдері, Қызылорда облысы қылмыстық атқару жүйесі департаментінің психологы қатысты.
Шара аясында 66597 әскери бөлімі, 35748 әскери бөлімі БШБ әскери қызметшілеріне “Өмірді сақта”, “Заң және тәртіп”,”Құмар ойынды тоқтат”, “Өз-өзіне қол салу”, “Мен лудаман емеспін”, “Нашақорлық пен алкогольдік ішімдіктерді пайдалану”, “Тұрмыстық зорлық-зомбылық”, “Қауіпсіз жол” тақырыптары бойынша әскери қызметшілердің құқықтық мәдениетін көтеру үшін профилактикалық түсіндіру жұмыстары өткізілді.