461326278 2101457760249725 7736210113761542245 nplaceholder

Қызылордада сұйылтылған газ 68 теңгеге түсті

Облыс әкімінің төрағалығымен автогаз құю бекеттері арқылы сұйытылған мұнай газын сату мәселелері бойынша мәжіліс өтті, деп хабарлайды «Азаттық-Ньюс» Ақпараттық агенттігі.

Мемлекет Басшысының Жолдауынан туындайтын негізгі міндеттердің бірі – халықтың әл-ауқатын арттыру болып табылады.

Осыған байланысты, облыс әкімінің төрағалығымен автогаз құю бекеттері арқылы сұйытылған мұнай газын сату мәселелері бойынша мәжіліс өтті.

Мәжілісте аймақ басшысы газ операторларына облыс тұрғындарын сұйытылған мұнай газымен үздіксіз және толық көлемде қамтамасыз етуді ұйымдастыру қажеттігін атап өтті.

Сонымен қатар, газ сатумен айналысатын операторларға тасымалдау шығындарын ескеріп, халыққа қол жетімді бағамен газды сату мүмкіндігін қарастыруды тапсырды.

Нәтижесінде, қазіргі таңда Қызылорда қаласының аумағында жұмыс жасап тұрған 63 автогаз құю бекеттерінде сұйытылған газ бағасы 70 теңгеден 68 теңгеге төмендетіліп сатылуда.

Жалпы алғанда, ҚР Энергетика министрлігінің тарапынан жыл басынан бері өңірге 71,4 мың тонна сұйытылған мұнай газы бөлінді.

Бөлісу:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

одиннадцать − пять =

АЙДАРЛАР

Басқа да мақалалар