Бүгін АЭС-ті қолдау жөніндегі республикалық Халықтық штаб өкілдері Мұрат Әбенов, Мақсұт Нәлібаев, Балжан Шәменова, Мұхиджан Кәрімбаев, Бақытжан Абдикаримов Дәулет Жұмбеков, Назерке Талғатова Шиелі ауданында болды, деп хабарлайды «Азаттық-Ньюс» Ақпараттық агенттігі.
Спикерлер аудан тұрғындарымен кездесу өткізіп, мемлекет басшысының халыққа жолдауынан туындаған мақсат-міндеттерді баяндап, референдум маңыздылығы жөнінде атап өтті.
«Өздеріңізге белгілі Мемлекет басшысы Қазақстан халқына жолдауында еліміздегі эенергия тапшылығының алдын алуыда АЭС салу мәселесін көтеріп және оны референдум арқылы халықтың таңдауы еркіне беріп отыр. Біздің өңірледегі жұмыс сапарымыздың мақсаты ел арасында кең ауқымды түсіндіру жұмыстарын жүргізу. Қоғамды толғандырған сауалдарға жауап беру. Әрине, түрлі алып қашпа әңгімеле бар. Біздің ең бірінші таңдауымыз АЭС саламыз ба, салмаймыз ба?- деген дүние. Меніңше бүгінгі еліміздің өзге мемелкеттерге энергетикалық тәуелділігінен арылтамыз, тұрақты энергия көзін қамтамасыз етеміз десек, бұл маңызды шешім деп есепетймін», – деді аудан тұрғындарымен болған кездесуде республикалық халықтық штаб мүшесі Мұрат Әбенов.
Мұнан соң штаб мүшелері аудан ақсақалдарымен жүздесті. Кездесуде май шамның төңірегіне топтасқан күндерді еске алған ақсақалдар елдік іске естілігімізді танытпасақ, ақсақалдығымызға сын болар деген сыңай танытып, болашақтың бағына басталған Президент бастамасын қолдайтындықтарын жетікізді.
«ПЧ-56» мекемесінде болған басқосуға 100-ге жуық теміржолшы қатысты. Олармен пікірлесу барысында штаб мүшесі Мұхиджан Кәрімбаев әлем елдерінің АЭС қолдану бағытындағы жұмыстарын мысал етіп, АЭС маңыздылығын түсіндірді.
Штаб мүшесі Назерке Талғатова: Мемлекет тағдырына қатысты кез келген маңызды шешім халықтың қатысуымен және оның пікірін ескере отырып қабылданады. Президентіміз ұстанған саясаттың бұлжымас қағидасы – осы. Бұл – біздің қоғамда жаңа саяси мәдениет қалыптасқанының көрінісі. Біз әр қадамды нық басып, реформаларды кезең-кезеңімен жүзеге асырып келеміз. Түпкі мақсат – оны әр азамат, әр отбасы сезінуге тиіс, – деп атап өтті.
Республикалық халықтық штаб мүшелері одан әрі мәдениет және өнер саласы қызметкерлерімен кездесті. Кездесуде сала өкілдері өз пікрлерін білдіріп, ел келешегі жолындағы кез келген іске қолдау көрсетуге дайын екендіктерін жеткізді.