Бүгін аймақтық және қалалық Халықтық штаб мүшелері Қосшыңырау ауылдық округінің тұрғындарымен кездесіп тақырып төңірегінде ой бөлісті, деп хабарлайды «Азаттық-Ньюс» Ақпараттық агенттігі.
Атап өту керек, ауылдық елді мекендер ел экономикасының драйвері саналады. Бүгінде Қызылорда қаласына қарасты ауылдық округтерде өндіріс орындары ашылып, кәсіпкерлік кең етек жаюда.
Алайда, қандай да бір өндіріс көзін ашу үшін инфрақұрылымдық жүйелерді жүргізу қажет. Соның бірі – электр қуаты.
Мамандардың айтуынша электр қуатын тұтыну көлемі жыл сайын 3 пайызға артуда. Ал өзімізге мәлім электр қуатын өндіруде көмірдің рөлі басымырақ. Бүгінде электр қуатының 70 пайызы көмірден өндіріледі. Демек, ауаға тарайтын көмірқышқыл газының да өлесі артуда. Улы заттардың қосындысы қоршаған ортаға да кері әсерін тигізуде.
Сондықтан, дамыған елдер жасыл энергия саналатын атом станциясының жұмысын жандандыруда. Атом энергетикасы қоршаған ортаға қолайлы, ел экономикасына тигізетін септігі мол сала. Соның негізінде Мемлекет басшысы халыққа жолдауында жалпыхалықтық референдум арқылы маңызды таңдау жасау қажеттілігін атап өткен болатын.
Кездесуде Халықтық штаб мүшесі Балжан Шаменова: «Ауылдарыңызды бақылай отырып, көптеген көшеде электр жарығын байқадым. Қазір кез-келген елді мекендерге электр қуаты қажет. Менің айтарым, бүгінде өңірімізде электр қуатының аздығы сезілуде. Бұл өңір ғана емес, еліміз бойынша орын алып отырған жағдай. Сондықтан, атом энергиясын өндіру бізге қажет. Себебі, энергетика саласында тәуелсіз болғанымыз барлығымызға тиімді»,-деді.
Ал қалалық штаб төрағасы Ибадулла Құттықожаев атом энергетикасының жаһандағы дамуы төңірегінде атап өтті.
«Қазіргі уақытта бүкіл әлемде жұмыс істеп тұрған реакторлардың көпшілігі II буын реакторлары болып табылады. Қазіргі уақытта III және III+ буын реакторларының саны көп емес. Сарапшылардың бағалауы бойынша, бұл реакторлар дүние жүзінде ондаған жылдар бойы жұмыс істейтін болады. қару үшін қандай шаралар қолданылуда? III буын реакторларының орташа жұмыс уақыты 60 жылға есептелген, реакторлық корпусты толық жөндеу және ауыстыру арқылы пайдалану мерзімін 100 жылға дейін ұзарту мүмкіндігі бар. Бастапқы лицензияның мерзімі аяқталғаннан кейін ядролық қондырғыларды ұзақ мерзімді пайдалану көптеген елдерде қалыпты жағдайға айналды»,-деді.
Басқосуда ауыл тұрғындары атом энергиясы, станциялары жайлы біраз мәліметтерден хабардар болғанын жеткізіп, Мемлекет басшысының бастамасын қолдайтынын айтты.