460123950 934207115411592 4875509880484196121 nplaceholder

Қазалы ауданындағы халықтық штаб мүшелері зауыт жұмысшыларымен кездесті

Бүгін Қазалы аудандық Халықтық штабының төрағасы Ғазиз Әліш бастаған бір топ штаб мүшелері аудандағы ірі өндіріс орны саналатын Қазалы локомотив жөндеу зауытының жұмысшыларымен кездесіп, АЭС-тің болашағы мен оның тиімділігін талқылады, деп хабарлайды «Азаттық-Ньюс» Ақпараттық агенттігі.

«Элeктр энeргeтикaсы eл экономикасының тұрaқты дaмуынa нeгіз бoлaтын бірeгeй сaлa. Қaзіpдің өзіндe біздің eліміздe элeктp энeргиясының тaпшылығы бaйқaлaды. Энeргия көздeрінің жeтіспeуі aлдaғы уaқыттa ірі өндірістік oрындap үшін дe үлкeн мәсeлeге aйнaлуы мүмкін. Өйткeні, бoлжам бойынша елімізде энергия тұтыну көлемі тұрақты өсіп келеді. Осы тұста елімізде атом электр станциясының салынуы электр қуатының тапшылығы мәселесінің бірден-бір шешімі болары сөзсіз», – деді штаб төрағасы Ғазиз Әліш.

Ал штаб мүшесі Арғын Орымбаевтың айтуынша, елімізде атом электр станциясын салу үшін барлық объективті алғышарттар орын алған. Атап, айтқанда уранның бай қоры, оны өңдеу мен өдіру үшін дамыған инфрақұрылым, сондай-ақ қуатты ғылыми база бар.

Жиын соңында штаб мүшесі, Қазалы локомотив жөндеу зауытының директоры Нұрлан Алмағамбетов еліміздегі АЭС қажеттілігі бойынша маңызды ақпарт алғандарын айтып, ұжым болып қолдайтындықтарын білдірді.

Бөлісу:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

7 − пять =

АЙДАРЛАР

Басқа да мақалалар