Бүгін аймақтық және қалалық Халықтық штаб өкілдері қалаға қарасты Қарауылтөбе ауылдық округінің тұрғындарымен кездесіп, пікірлесті, деп хабарлайды «Азаттық-Ньюс» Ақпараттық агенттігі.
Онда Мемлекет басшысының Қазақстан халқына жолдауынан туындаған мақсат-міндеттер сонымен қатар елімізде АЭС салу мәселесі жөнінде кеңінен ақпарат берді.
«Қазіргі көптеген мемлекеттер мұнай мен көмір жағу арқылы электр қуатын өндіруде. Біздің елде де дәл солай. Дегенмен, өндірілген электр қуатының мөлшері сұранысты толық өтемейді. Сондықтан, әлемнің озық елдері атом энергиясын қолдану бұл мәселеге нүкте қойып отыр. Ғалымдардың электр қуатына сұраныс жыл сайын 3 пайызға артуда. АЭС салу арқылы біз өз қажеттіліктерімізді жабамыз деп отыр. Бүгінде көрші Ресей, Қытай, Франция мен Жапония, АҚШ елдері атом энергиясын кеңінен дамытуда. Біздің елде де міне алғы шарты жасалып жатыр»,-деді ауылдағы ағайынмен пікір барысында қалалық штаб төрағасы Ибадулла Құттықожаев.
Жалпы тұрғындарды алаңдатып отырғаны оның қауіпсіздігі. Жиын барысында штаб мүшелері әрбір сауалға тұщымды жауап берді.