460720106 825507189770527 579544320349607396 nplaceholder

«СҰЛУ СЫРДАН-АРУ АЛМАТЫҒА»: Қызылорда облысының өнер күндері аясында гала-концерт басталды

Алматы қаласындағы Республика сарайында «СҰЛУ СЫРДАН-АРУ АЛМАТЫҒА» атты өнер шеберлерінің гала- концерті басталды, деп хабарлайды «Азаттық-Ньюс» Ақпараттық агенттігі.

Сыр өнерпаздары алматылық көрермен назарына халық әндерін, жыраулық өнер мұрасын, классика және эстрада жанрындағы музыкалық туындыларды ұсынады.

Ертең Құрманғазы оркестрінің концерт залында «ЖЫР – ҚАЗЫНА, КҮЙ – КҮМБЕЗ» атты Тұрмағамбет атындағы халық аспаптар оркестрінің концерті ұйымдастырылмақ.

Еске салсақ, өткен жылы Сыр өнерпаздары Астана қаласында Қызылорда облысының өнер күндері аясындағы концерттік бағдарламасымен елордалықтардың ыстық ықыласына бөленді. Бастаманың жалғасы ретінде өңірдің өнер шеберлері Алматыға шақырту алған болатын.

Бөлісу:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

17 − 10 =

АЙДАРЛАР

Басқа да мақалалар