"Науқас балалардың еміне": Алаяқ 32 миллион теңгені қалтаға басқанplaceholder

"Науқас балалардың еміне": Алаяқ 32 миллион теңгені қалтаға басқан

Алаяқ “науқас балалардың еміне” ақша жинап, 32 миллион теңгені қалтаға басқан, деп хабарлайды “Азаттық-Ньюс” Ақпараттық агенттігі.

Алматыда полиция қызметкерлері науқас балалардың еміне деп халықты алдап, ақша жинаған күдіктіні анықтады.

Ол әлеуметтік желіде науқас балалардың суретін жариялап, ақша сұраған. Қолға түскен күдікті Шымкент қаласының тұрғыны. Ол Талғар ауданындағы балалардың еміне қаражат жинауға көмек көрсету керек деп сылтауратып, Instagram әлеуметтік желісінде парақша ашып, жүргізген.

– Алаяқ әлеуметтік желіде онкологиялық аурумен ауыратын балалардың суреттерін пайдаланып, жалған банк картасының деректемелерін орналастырғаны анықталды. Іздеу жұмыстарының нәтижесінде біз күдіктіні, яғни Шымкент қаласының тұрғынын анықтадық. Қазір 32 миллион теңгеден астам сомаға бастапқы шотқа 6 мыңға жуық ақша аударымы жасалғаны анықталды, – деп мәлімдеме берді Алматы облысы ПД.

Қазіргі таңда алаяқтық дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті қамауға алынды. Оның осыған ұқсас басқа да қылмысқа қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.

Бөлісу:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

девять + четыре =

АЙДАРЛАР

Басқа да мақалалар