459203264 2088994611496040 8994317833705692712 nplaceholder

Мүмкіндігі шектеулі жандар қажетті құралдармен қамтамасыз етіледі

Ерекше қажеттіліктері бар адамдарды әлеуметтік қолдау және олардың өмір сүру сапасын арттыру – облыстық Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитеті облыс бойынша департаментінің басты бағыттарының бірі, деп хабарлайды «Азаттық-Ньюс» Ақпараттық агенттігі.

Мүгедектігі бар адамдар бір мезгілде бөлме және серуендеуге арналған кресло-арбаның бір түрімен қамтамасыз етіледі. Бұл туралы департамент басшысының орынбасары Тілеукүл Мырзахметова айтты.

– Мүгедектігі бар адамдарды арнаулы жүріп-тұру құралдарымен қамтамасыз ету «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорация бөлімшелері, қалалық, аудандық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдері арқылы өтініш беру негізінде жүзеге асырылады. Қазіргі уақытта мүгедектігі бар адамдарға арнаулы жүріп-тұру құралдарының, яғни кресло-арбалардың 8 түрі ұсынылады. Протездік-ортопедиялық, техникалық көмекші құралдарды, арнаулы жүріп-тұру құралдарын алған күннен бастап оларды ауыстыру мерзімдеріне сәйкес, бөлмеде жүріп-тұруға арналған кресло-арбалар 7 жыл, серуендеуге арналған кресло-арбалар 4 жыл, әмбебап кресло- арбалар 5 жыл, сырғытқы арбалар 5 жылдан ерте емес мерзімде ауыстырылады,- деді Тілеукүл Тәңірбергенқызы.

 

Фото ашық дереккөзден алынды

Бөлісу:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

двадцать + восемь =

АЙДАРЛАР

Басқа да мақалалар