459175742 2087556191639882 5564612249936727772 nplaceholder

Жылыжайдағы жарқын жаңалықтар

Биыл аймақтың ең үлкен іргелі оқу орны Қорқыт ата университетінің Ботаникалық бағының күрделі жөндеу жұмыстары аяқталуға жақын, деп хабарлайды «Азаттық-Ньюс» Ақпараттық агенттігі.

Жалпы көлемі 5 гектарды құрайтын ботаникалық бақта екі блоктан тұратын жылыжай орналасқан. 800 шаршы метр болатын жылыжайда қиярдың 3 буданы, қауынның 1 буданы сынақтан өтуде.

Жемістер мен көкөністердің күтімі күпті, бабы мықты болып өсуіне жылыжайдың атқарар рөлі орасан. Дастарханымызға дайын күйі келетін көкөністердің қандай күтіммен өсетініне көп көңіл аудара бермейміз. Дей тұрғанмен еселі еңбектің арқасында жемісті жұмыс болатынын ескеру керек. Жылыжай жұмыстарын жүргізуге арнайы қызметкерлер жұмылдырылған.

Жалпы, ботаникалық бақ қалаға көрік беретін орын ғана емес, «Биология және Агрономия» білім беру бағдарламалары студенттерінің тәжірибелік сабақтарының базасы болып табылады.

 

Бөлісу:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

19 − 18 =

АЙДАРЛАР

Басқа да мақалалар